Полицейлер 22 жыл бойы бостандықта жүрген қаскөйді қолға түсірді
Қаскөйдің ақша табу үшін адам өлтіргені анықталды.
21:42 24.04.2019
Елордалық полиция бөлімі 22 жыл бұрын болған қылмысты ашты.
«Қылмыстық істердің біреуін қарау кезінде полиция қызметкерлері жаңа фактілерді анықтады. Күдіктілерді тауып, 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған қылмысты ашты»,- деп хабарлады астананың полиция департаменті өзінің Facebook парақшасында.
Қылмыстық іс материалдары бойынша 1997 жылдың наурыз айында жер үйлердің бірінде әйелдің мәйіті табылған. Қылмыскер үйдегі құнды заттарды да ұрлаған. Полиция департаментінің криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын 22 жылдан соң анықтады. Күдіктілер - бірнеше рет сотталған 1971 жылғы әйел мен 1970 жылы туған ер адам.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктілер жасаған қылмысты мойындады. Қылмысты ер адамның жасағаны анықталды. Есірткі қабылдайтын күдікті ақшаға мұқтаж болыпты. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!