{metadescription}
Қордайдағы жол апатынан тағы бір адам көз жұмды

Қордайдағы жол апатынан тағы бір адам көз жұмды

Қордайдағы жол-көлік апатынан кейін ауруxанаға түскен тағы адам қаза тапты. 

Қазығұрт ауылының тұрғыны Алматыдағы №7 ауруханаға жеткізілген ер адам есін жимастан қайтыс болды. Жол апатынан қаза тапқандар саны осымен 12-ге жетті. 

«Ауруханаға пациент өте ауыр жағдайда жеткізілді. Ауыр жарақат алғандықтан, комаға түсті. Өкінішке орай оны аман алып қала алмадық», - деді №7 қалалық аурухананың баспасөз қызметінен.

Апатқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жеңіл мешина мен жүк көлігінің соқтығысу дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, 20 сәуір күні Жамбыл облысында автобус аударылып, 11 адам қаза тапқвн болатын. Олардың ішінде Қазақстан және Өзбекстан азаматтары бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде