Головкин бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатты
Геннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.
10:16 25.04.2019
"Өзім және карьерам үшін маңызды шешім қабылдадым... Енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер... Жаңа жаттықтырушыны кейінірек хабарлаймын, ал әзірге Абельге бокста үйреткен сабақтарына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Головкин.
Головкин мен Санчестің серіктестігі 2010 жылы басталған. Айта кетсек, Головкин 8 маусымда рингке қайтып келеді. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!