Жоғарғы соттың 5 судьясы қызметінен босатылды
Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бірнеше судьясы қызметінен босатылды.
12:43 25.04.2019
Сенат отырысында ұсынымды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов жария етті.
«Сіздердің қарауыңызға Еліс Әбдіқадыровты, Ғалия Аққуованы, Әділжан Құрықбаевты, Амангелді Сәрсенбаевты және Моряк Шегеновты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Аққуова, Құрықбаев, Сәрсенбаев және Шегенов отставкаға шықты. Сіздерден Мемлекет басшысының аталған ұсынымын қолдауды сұраймыз», - деді Талғат Донақов.
Талқылаудан кейін Сенат депутаттары аталған судьяларды қызметтен босату туралы шешімді қабылдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!