Шри-Ланкада тағы да жарылыс болды
Бейсенбіде Шри-Ланка астанасы Коломбодан 40 шақырым жерде орналасқан Пугода ауданында жарылыс болды.
13:14 25.04.2019
Әзірге қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы мәлімет жоқ. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары болған жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бас-аяғы осы бір аптаның ішінде Шри-Ланкада тоғыз жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Шри-Ланкада болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 359 адамға жеткен.
Еске салайық, 21 сәуірде Шри-Ланкада бір католик шіркеуі мен үш қонақ үйді және Негомбо шаһарындағы екі шіркеу жарылыс болған. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!