Қарағандыда үй өртеніп, 54 жастағы әйел көз жұмды
Қарағанды облысы Осакаровка ауданында үй өртеніп, 55 жастағы әйел көз жұмды.
13:50 25.04.2019
Бұлтуралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қарағанды облысының Осакаровка кентінде 25 сәуір күні сағат 03:53 шамасында өрт сөндіру қызметіне жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы 130 шаршы метр аумақ өртенген. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау сағат 06.30 кезінде сөндірілді», - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Оқиға орнынан 1964 жылғы әйелдің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымының тұйықталуынан шыққан. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 9 адам мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!