Қарағандыда қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылды
Қарағандыда Майқұдық шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды.
15:44 25.04.2019
«25 сәуірде Қарағанды қаласының Октябрь ауданы 12-ықшам аудандағы үйлердің бірінің маңындағы қоқыс жәшігінің мағынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер жынысты сәбидің мәйіті табылды», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шақалақтың анасын іздестіріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!