Бас прокурордың орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары қызметіне Болат Дембаев келді.
08:10 26.04.2019
Оның тағайындауы туралы құжатқа мемлекет басшысы қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Бұрын Болат Дембаев Нұр-Сұлтан прокуроры болды. Елордалық прокуратураны 2017 жылдың ақпан айында басқарды. Сондай-ақ Дембаев Бас прокуратураның 10-шы департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. Осыған дейін, Андрей Лукин Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылғаны жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!