Толассыз жауған жаңбыр 70 адамның өмірін қиды
Оңтүстік Африка Республикасының шығысындағы Квазулу-Натал провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті.
08:43 26.04.2019
Бұл туралы SABC News телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлайды. Бұдан бұрын 51 адамның мерт болғаны хабарланған еді. Провинция басшысы Сихле Зикалала құрбандар саны 70-ке жеткенін растады. Тағы мыңдаған адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Провинцияда үйінділер сұрыпталып жатыр, құтқару жұмыстары жүргізілуде. ОАР-дың шығысында қатты жауын-шашыннан жолдарды су басып, инфрақұрылымдар зақымдалды және үйлер қирады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!