Президент жұмыс сапарымен Семей қаласына барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей қаласынан бастады.
11:23 26.04.2019
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей қаласынан бастады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Семей және Өскемен қалаларындағы бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралап көруі жоспарланып отыр», - деп жазады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-мәдени бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, облыстың жұртшылық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және жастармен жүздеседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!