ШҚО-да браконьерлер инспекторларға шабуыл жасады
Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауылына қарасты Тассай ауылының бірнеше тұрғыны заңсыз балық аулау кезінде қолға түсіп, инспекторлардың қайығын аударып жібермек болған.
13:21 26.04.2019
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, оқиға 23 сәуір күні сағат 18:30 шамасында орын алған. ШҚО Жайсан көлінің Базарка аумағында балықтардың уылдырық шашу кезеңінде Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының Көкпекті бөлімінің мемлекеттік инспекторлары рейд жүргізген. Көл аумағын тексеруге шыққан 2 инспектор заңсыз балық аулаушылардың қарсы шабуылына тап болады.
«Браконьерлер заңсыз әрекеттерінің үстінен түскен инспекторларды балағаттап, күш қолданатындарын айтып, қарсылық танытқан. Кикілжіңге қатысқан тұрғындардың кім екені анықталды. Барлығы да Тассай ауылының тұрғындары. Бұл іс бойынша жеке тексеру басталды. Олардың үстінен инспекторларға күш көрсеткені үшін сот алды тергеу тағайындалды» - делінген департаменттің мәліметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!