{metadescription}
Саясаткер Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Саясаткер Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

«Ұлт тағдыры» қозғалысы президенттікке үміткер ретінде Әміржан Қосановты ұсынды.

Бұл туралы бүгін «Ұлт тағдыры» қозғалысының Алматыда өткен құрылтайында белгілі болды. Отырысқа облыстардан делегаттар жиналған. Күн тәртібінде кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсыну жайы қаралды. Одан кейін бірлестік жетекшісі Дос Көшім бірлестік атынан ортақ кандидат ретінде танымал қоғам қайраткері Әміржан Қосановты ұсынды. Қосановтың кандидатурасы бірауыздан қолданды.

«Бүгін біз сайлауға қатысатынымызды жариялаймыз. Екіншіден, үміткер ретінде белгілі саясаткер, 20 жыл бойы саясатпен айналысып келе жатқан Әміржан Қосанов «Ұлт тағдыры» атынан сайлауға түседі»,- деді «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері Дос Көшім.

Әміржан Қосанов 1964 жылы Қызылорда облысы Сапақ ауылында дүниеге келген. Белгілі саясаткер. Негізгі мамандығы журналист. Осыған дейін, Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы кезектен тыс XІV съезінде 2019 жылдың 9 маусымында өтетін  президент сайлауына кандидат ретінде Жамбыл Ахметбековты бекітті.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.