Биылғы Рамазан айы 6 мамырда басталады
Биыл Ораза айы 6 мамырда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мəлімдеді.
17:00 26.04.2019
«6 мамыр - Рамазан айының бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым - ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», - деп жазды А. Қонарбайұлы өзінің Фейсбук парақшасында.
ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп 2019 жылғы ораза кестесін мына жерден көре аласыз. Биылғы жылы пітір садақаның мөлшері 300 теңге ретінде бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!