{metadescription}
Павлодарда 80 жастағы зейнеткерді жалған ақшамен алдаған алаяқ ұсталды

Павлодарда 80 жастағы зейнеткерді жалған ақшамен алдаған алаяқ ұсталды

Полициясына алаяқтың алдауына түскен 80 жастағы зейнеткер ақшалай қаражатының ұрлағаны туралы арызбен жүгінді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында үйдің маңында отырған зейнеткердің жанына белгісіз бір ер адам жақындап, зейнеткермен әңгімелескені анықталды. Әңгіме барысында зейнеткер күдіктіні пәтеріне шақырып, оған фотосуреттерін көрсеткен.

«Күдікті бірнеше күннен кейін сол үйге келіп, зейнеткерге еріктілердің атынан 6000 теңге көлемінде ақшалай қаражат беруі тиіс екенін айтып, жалған он мың теңге ұсынған. Алданып қалған зейнеткер алаяққа төрт мыңды қайырып берген», - дейді департаменттен.

Зейнеткердің қалтасындағы артық ақшаны көрген алаяқ сол күні пәтерге тағы келіп, кіреберісте ақша жатқан шалбардағы барлық ақша қаражатын алып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары алаяқты бір тәуліктің ішінде ұстаған. Ол 27 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Айта кетерлігі, ер адам бірнеше күн бұрын осындай қылмыстық жолмен 93 жастағы зейнеткерді де алдаған. Оған қатысты ҚР ҚК-ның 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.   

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде