{metadescription}
Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссияларына кадрлар дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссияларына кадрлар дайындалып жатыр

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының басшылары үшін оқыту семинары өтті.

Оның барысында 2017-2018 жылдары сайлау заңнамаларына енгізілген өзгерістерге, мемлекет басшысы сайлауын ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктеріне байланысты тақырыптар ашық талқыланды. Бағдарламаға сайлау комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру, сайлауда дауыс беру тәртібі мен дауыс беруді қорытындылау, сайлау заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершіліктер, қоғамдық байқаушылар мен БАҚ өкілдерімен өзара қарым-қатынастың тәжірибелік және дәрістік сабақтары енгізілген.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтайыр Ахметов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен академия арасындағы 2018 жылғы 8 ақпандағы меморандуммен бағыттары белгіленген серіктестікті атап өтті, деп жазады ҚазАқпарат. Қазіргі кезде академияның өңірлік филиалдары ҚР Орталық сайлау комиссиясының әдістемелік қолдауымен сайлау саласы кадрларын оқыту үшін оқу базасына айналды.

«Сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күні сайлаушылармен өзін-өзі ұстау, мүмкін болатын қақтығыс жағдаяттар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушылар алған білімдерін «ҚР Президентін сайлау күні» іскерлік ойыны барысында тәжірибелік машықтары арқылы шыңдады. Орталық сайлау комиссиясы Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің өкілі Т.Рыспеков сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығы шешетін мәселелерге ерекше назар аударуға көңіл бөлді», - делінген таратылған ақпаратта.

«Нормативтік-құқықтық негізде бекітілген электораттық оқытуды ұйымдастырудың жаңа жүйелік тәсілдерін ескере отырып, біз оқытудың деңгейі жоғары болады деп күтудеміз. Бұған негіз ретінде ҚР ОСК әзірлеген каскадтық әдіспен сайлау жүйесінің барлық деңгейлері бойынша сайлау процесін ұйымдастырушыларын бірнеше кезеңмен оқыту республикалық деңгейде Ортсайлаукомнан, учаскелік сайлау комиссияларына дейін жүзеге асырылады», - деді ол.

Семинар сертификаттар табыс етумен аяқталды. Мамыр айы бойы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері үшін семинар-тренингтер жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде