Алматы облысында 36 жастағы әйел жоғалып кетті
Алматы облысында полиция із-түзсіз кеткен 36 жастағы әйелді іздеп жатыр.
08:07 28.04.2019
Алматы облысында полиция із-түзсіз кеткен 36 жастағы әйелді іздеп жатыр.
«Алматы облысы полициясы 1983 жылы туған Сүйкімбаева Самал Бақытбекқызына іздеу жариялайды. Ол 7 сәуір күні Жамбыл ауданы Қызыл әскер ауылындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған», - делінген аймақ полициясы таратқан мәліметте.
Ұшты-күйлі жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар болса, мына телефондарға хабарласуға болады: 8 727 702 26 02, 8 707 338 78 78, 8 747 765 99 84 немесе 102.
Еске сала кетейік, ұшқыштар ереуілге шығып, Дания, Швеция мен Норвегияда 600-ден астам рейс тоқтатылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!