Қырыққа толмаған келіншек 38 баланы дүниеге әкелген
Үш жыл бұрын отағасы әйелі мен бала-шағасын тастап кетіпті.
09:19 28.04.2019
Уганда елінде әлемдегі ең көпбалалы ана анықталды. Ол – Мариам Набатанзи, 39 жасында 38 баланы өмірге әкелген. Белгілі болғандай, әйел адамның ағзасының ерекшелігі сондай – үнемі бір баладан көп туады екен. Тұңғыш перзенттерін 13 жасында дүниеге әкеліпті. Келіншек бес егізді, төрт үшемді және бес төртемді өмірге әкелген.
Көпбалалы отбасы кофе плантациясына жақын ауылдағы шағын цемент үйде тұрады. Үш жыл бұрын отағасы отбасын тастап кетіпті, енді анасы балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!