«Канелоның» промоутері Головкинге үлкен шарт қойды
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің өкілі Golden Boy Promotions ұйымының басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру туралы маңызды мәлімдеме жасады.
13:02 28.04.2019
«Геннадий Головкин қыркүйекте Сауль Альвареспен рингке қайта шығатынына күмәнім бар. Мен «Канеломен» жүз пайыз келісемін - Головкин бұрынғы деңгейіне қайта көтерілуі тиіс. Сауль енді чемпион, оған таңдауға болатын жолдар өте көп - ол 168 немесе 175 фунт салмақ дәрежесіне дейін көтеріліп, тарихта есімін қалдыра алады. Егер Головкин онымен жекпе-жек өткізгісі келсе, ол әлем чемпионы белбеуін иемденуі тиіс», - деп келтіреді ESPN Де Ла Хойяның сөзін.
Еске салайық, Головкин мен «Канело» арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталған болатын. Ал реваншта төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңіс мексикалық боксшыға берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!