{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаевты ҚХР-дың «Достық» Орденімен марапаттады

Нұрсұлтан Назарбаевты ҚХР-дың «Достық» Орденімен марапаттады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының «Достық» Орденімен марапатталды.

«Қытай Халық Республикасының Халық жиналысы үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін тату көршілік қарым-қатынасты ілгерілетуге және жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Достық» орденімен ресми марапаттау рәсімі өтті», - делінген ақпаратта. 

«Мен 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап тәуелсіз Қазақстанның Қытаймен ынтымақтастығын дамыту және нығайту жолында жұмыс істеп келе жатқанымды атап өткім келеді. Сіздердің мемлекеттеріңізбен өзара сенімге және тату көршілікке негізделген қатынастар орнатқанымызға қуаныштымын. Біздің ынтымақтастығымыз үлгі тұтарлық. Елдеріміз өңірде және жаһандық деңгейде бейбітшілікті, трақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді», - деді Елбасы.  

«Біз Қытай халқының ежелгі, жақын досы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының жоғары марапаты - Достық орденін тапсыру үшін салтанатты рәсім өткіземіз. Назарбаев бүкіл әлемге беделді, екі елдің жан-жақты стратегиялық серіктестігінің негізін қалаушы және оның дамуын әрдайым алға тартатын адам», - деді Си Цзиньпин Пекинде өткен салтанатты жиында.  

Айта кетсек, Достық ордені – шетел азаматтарына берілетін Қытайдың жоғары мемлекеттік наградасы. Бұл марапат Республика орденінен кейінгі екіншісі және басқа елдердің өкілдеріне берілетін бірінші награда болып табылады. Достық орденін Қытайдың социалистік жаңғыруына, елдің әлеммен және әлемдегі бейбітшілікті қолдаудағы байланыстар мен ынтымақтастыққа ықпал ететін көрнекті қызметтер үшін береді.

Сонымен қатар,ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев танымал қытайлық актер Джеки Чанмен кездескенін жазған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде