{metadescription}
Ақтау тұрғыны екі әйелге шабуыл жасап, біреуін өлтірді

Ақтау тұрғыны екі әйелге шабуыл жасап, біреуін өлтірді

Қайғылы оқиға 5-шағын аудандағы 28-ші үйде болған.

Ер жігіт екі әйелге шабуыл жасап, біреуін жаралады. Ал екінші әйел алған жарақатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті мұндай қылмысты бірінші рет жасамаған. Оқиға Ақтаудың 5-ші ауданындағы 28-ші үйде болған.

"Ол мұндай қылмысты бұған дейін де жасаған болатын. Менің білуімше, күдікті осыған дейін адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Бұл пәтерден үнемі айқай-шу еститінбіз. Олар бір-бірімен жиі төбелесіп, жанжалдасатын. Талай рет арыз да жаздық. Бірақ бұл фактіге ешкім тиісті деңгейде көңіл аударған жоқ", - дейді қала тұрғыны.

Жергілікті полиция оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде