{metadescription}
Оралда тұрғын үйдің балконы құлап түсті

Оралда тұрғын үйдің балконы құлап түсті

Тұрғын үйдің балконы қирап түскен, сол уақытта онда тұрғындар болған.

Оқиға бүгін, 29 сәуірде, болған. Екі адам балконға шыққанда екінші қабаттағы балконның бетон қабаты құлап кеткен. Ер адамдар түнде шылым шегуге балконға шыққан. Сол уақытта олар балконның бетон еденімен бірге құлап кетіп отыр. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ, балконмен бірге құлап кеткен екі ер адам аздап жарақат алды. 

«Қазір біздің балкондардің бәрі төтенше жағдайда тұр. Егер төменге қарасаң, бетонның дымы қалмай құлағанын көресің. Балкон плиткасы тіпті қабырғаға бекітілмеген», - дейді балконы құлағалы тұрған үйдің тұрғыны Александр Цветков.

Оның сөзінше, тек балконның өзі емес, тұрғын үй де апаттық жағдайда тұр дейді.

«Мен әкімдікке арыз жаздым, олар суретке түсіріп кетті. Қазір жөндеу жұмыстарын өзім жүргіздім. Жарылған жерді жауып қойдым. Бірақ, ол қайтадан ажырап барады. Ол тесіктен көшеден шу естіледі», - деді Александр Цветков.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде