Джеки Чан Сириядан құтқарылған қазақстандықтар жайлы фильмді көрді
Әлемге әйгілі актер Джеки Чанға Сириядағы қазақстандық балаларды құтқару жөніндегі деректі фильм көрсетілді.
12:42 30.04.2019
Танымал актер Джеки Чан Сириядан құтқарылған қазақстандықтар жайлы фильмді көріп шықты. Бұл туралы президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram-да хабарлады.
«Джеки Чанмен оның Қазақстанда алдағы жаңа фильмін түсіру шараларын талқылай отырып, онымен бірге Сириядан қазақстандық балаларды құтқару бойынша биылдың басында арнайы қызметтермен жүргізілген «Жусан» операциясы туралы біздің фильмді қарап шықтық. Аталған операция туралы ақпарат пен фильм Джекиге қатты әсер етті. Өйткені атыс-шабыс жанрындағы фильмдерде басты рөлдерді сомдап жүрген Джеки Чан осындай операциялардың мағынасын жақсы түсінетіні анық», - деп жазды ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram-дағы парақшасында.
28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда Джеки Чанмен кездесті. Актер алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!