{metadescription}
Емтиханнан төмен баға алған 20 студент өзіне қол салды

Емтиханнан төмен баға алған 20 студент өзіне қол салды

Үндістанда жиырма оқушы емтиханнан нашар баға алғаны үшін өзіне қол салған. 

Үндістанның Калвакунтла штатында ақпан мен наурыз аралығында миллионға жуық студент емтихан тапсырады. Емтихан нәтижесі туралы қорытынды жарияланғанда, 350 мың студенттің емтиханнан өте алмағаны айтылады. Осыдан соң кей студент өміріне балта шабуды ойлаған. Ата-аналары балаларын емтиханнан дұрыс баға алмағаны үшін осындай қадамға барды деп болжайды. 

Емтихан нәтижесіндегі қателіктерге күмән келтірген ата-аналар мен студенттер қарсылық шеруіне шықты, деп жазады stan.kz. Олар емтихан нәтижесін қайта тексеруді және қара жамылған отбасына қаржылай көмек беруді талап етеді. Өңір басшысы Чандрашекхар Рао студенттерді өзіне қол салмауға шақырды. Ол емтиханнан сүрінудің қиын сынақ емес екенін айтты.

Қазіргі уақытта жергілікті билік бұл мәселені тексеріп жатыр. 2017 жылы қыркүйек пен қазан айы аралығында Андхра-Прадеш пен Телангана штатында студенттер арасында 50 суицид болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде