Түрме шенеунігі жұмыс бөлмесінде асылып қалған
Ташкент облысы Зангиата ауданындағы жалпы қоныстану мекемесінде қызмет істейтін подполковник Асомходжа Аброров сәуірдің 26-нан 27-не қараған түні жұмыс бөлмесінде асулы күйінде табылған.
16:13 30.04.2019
Өзбекстанның ішкі істер министрлігі Асомходжа Аброровтың өлімін депрессиялық суицид деп атады. Аброровтың туыстарының айтуынша, подполковниктің денесін отбасына тек 28 сәуірде патолого-анатомиялық тексеруден кейін берген.
Елдің бас прокуратурасы қазіргі кезде подполковниктің өліміне қатысты тексеру басталғанын баяндады. Марқұмды бір ай бұрын Ахангаран қаласының ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатқан екен. Соңғы жұмыс орнына көңілі толмаған.
"Соңғы жұмысы өте ауыр болды. Жазасын өтеушілермен жұмыс істеу расында қиын. Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс уақыты 8 сағат болуы тиіс. Сенбі-жексенбі күндері демалыс болуы тиіс. Бірақ біз күніне 18 сағат, демалыссыз жұмыс істейміз", – дейді марқұмның әріптесі.
Ішкі істер министрлігі өкілі түрме қызметкерлерінің жұмысы расында ауыр екенін жеткізді.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!