{metadescription}
Дүкенді тонамақ болған ұрлықшы терезеге қысылып қалды

Дүкенді тонамақ болған ұрлықшы терезеге қысылып қалды

Қырғызстанда дүкен тонауға түскен ұры терезеге қыстырылып қалды.

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, 2019 жылдың 19 сәуірінде Сокулук аудандық ІІБ-нің учаскелік инспекторы қызметі барысында Новопавловка ауылында азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен жас жігітті оқиға кезінде ұстап алған. Ішкі істер басқармасының мәліметінше, дене бітіміне мән бермеген жасөспірім дүкеннің кішкентай терезесіне қысылып қалған. 

Аталған факті Қырғыз Республикасының Қылмыстық Кодексінің 39-200 бабы (ұрлық жасау) қылмыс белгілері бойынша, сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктілердің аты-жөндерін анықтадыОлар кәмелет жасқа толмаған 16 жастағы А. Т. мен 15 жастағы А. Т. болып шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде