{metadescription}
8 жасар бала қылмыскерден әпкесін құтқарып қалды

8 жасар бала қылмыскерден әпкесін құтқарып қалды

Американың Огайо штатында сегіз жастағы бала өзінің әпкесін қылмыскерден құтқарып қалды.

Оқиға 25 сәуірде болған. Нита Кобарнның қызы аяқ астынан өзін нашар сезінгендіктен, оны ауруханаға алып барыпты. Ал немерелері 8 жасар Чанс пен 10 жасар Скайлерді көлікте қалдырған. Олар көліктің артқы орындығында отырған екен. Осы кезде әйел асығып жүріп, кілтті көліктің ішінде ұмытып кетіпті. 24 жастағы күдікті Дэлвир Сингх осы сәтті пайдаланып, жүргізушінің орнына секіріп мініп, кетіп қалмақ болған. Бұл кезде екі бала артқы орындықта отырған. Сол кезде ұл бала әпкесін итеріп жіберіп, өзі көліктен секіріп түсіп қалған. Балалар зардап шекпеген. Ал қылмыскер бірнеше ауданнан кейін ұсталған.

Жүргізуші әжесіне қарап, назары ауған кезде Чанс оның қолынан әпкесін тартып алып, есіктен қашып шыққан. Олар бірден әжесіне жүгіріпті. Оқиға куәгерлері полицияны шақырған. Тәртіп сақшылары Сингхты тұтқындады. Ол көлікті айдап кетіп, балаларды ұрлап, шабуыл жасады деп айыпталып отыр. 

«Чанс өзін нағыз қаһарман ретінде ұстады. Оның әрекеті батылдығы мен әпкесіне деген махаббатын көрсетті», - дейді полициядағылар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.