{metadescription}
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

Жүз елуден астам ұлт өкілдері бүгін Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатыр.

Мереке Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітілген. Бұдан бұрын 1 мамырда Еңбек күні аталып өтетін. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  артық  ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев талай рет айтқандай, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдылықтарының бірі.

«Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан өзге мемлекеттердей ұлттық өктемдікті танытып отырған жоқ. Біздің еліміздегі 88 мектепте өзбек, тәжік, ұйғыр, украин тілінде өтеді. Ал 108 мектепте Қазақстан этностарының 22 тілі жеке сабақ ретінде оқытылады. Елімізде 15 тілдегі 35 баспасөз бар. 11 тілде телеарналарда бағдарламалар шығып жатыр. 14 орыс театры бар. Өзбек, ұйғыр және корей театрлары жұмыс істеп тұр.

Қазақстанда жүз елуден астам ұлт тұрады: қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, ингуштер, белорустар, корейлер, қырғыздар және тағы басқалары. Олардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасына тарихи оқиғалардың салдарынан қоныстанған: көші-қон, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаппай депортациялау және эвакуациялау. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері де әртүрлі ұлт өкілдері жұмыс істеу үшін келіп қоныстанып жатыр.

1995 жылдан ұлтаралық татулықты нығайтуды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істеп келеді. Мереке қарсаңында Нұр-Сұлтанда Ассамблеяның кезекті сессиясы өтіп, бұл жолғы жиын «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру» деген тақырыпқа арналды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.