{metadescription}
Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды

Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды

Ақтөбеде жол апаты болып, екі адам ауруханада көз жұмды.

Ақтөбенің Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылындағы газ құю бекетінің жанында «Nissan Patrol» көлігі мен Уаз соқтығысып, жүргізуші қаза тапты. Оқиға 1 - мамыр күні сағат 18:20 шамасында тіркелді.

«Жеңіл көлікте 2 адам, ал Уаз көлігінде 5 адам болған.  Бәрі де ауруханаға түсті. «Nissan Patrol» көлігі жүргізушісінің жарақаты ауыр болып, ауруханада көз жұмды. Тағы бір науқасқа ота жасалып, ол да қаза тапты. Ота жасалған тағы бір адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Кеше санавиация шақырылып, бүгін сағат 11:00-де облыс орталығына 2 науқасты алып кетті», - деді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.

Айта кетейік, Уаз көлігінде болған жолаушылар вахталық әдіспен жұмыс істеген. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде