Шереметьеводағы апат: 41 адам қаза тапты
Мурманскіге бағыт алмақ болған SSJ-100 жолаушылар ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонған сәтте отқа оранды.
08:06 06.05.2019
Тергеу комитеті Шереметьево әуежайында өртенген Sukhoi Superjet 100 ұшағының бортында болған 78 адамның 37-сі тірі қалғаны туралы мәлім етті. Бұл жайлы журналистерге жексенбі күні ТК ресми өкілі Светлана Петренко айтты.
«Мәскеу-Мурманск бағытында рейсті орындаған әуе лайнерінің бортында экипаж мүшелерін қосқанда 78 адам болған. Қазіргі уақытта тергеу барысында анықталған дерек бойынша олардың 37-сі тірі қалған. Тергеушілер зардап шеккендерден, оқиғаны көзімен көргендерден, әуежай қызметкерлерінен және тасымалдаушы-әуе компаниясынан, сондай-ақ әуе кемесін пайдалануға қатысы бар тұлғалардан жауап алуға кірісті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!