{metadescription}
Ресейде жолаушылар ұшағы өртеніп кетті

Ресейде жолаушылар ұшағы өртеніп кетті

Мурманскіге бағыт алған SSJ-100 жолаушылар ұшағы  Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонған сәтте отқа оранды.

Алдын ала болжам бойынша,  зардап шеккендер мен қайтыс болғандар бар. Жалын ұшақты түгел жалмаған, жолаушыларды жанып жатқан лайнерден түсірген.  Ұшақ бортында 78 адам болған. Өрт толықтай сөндірілді.

Ұшақ ұшқышы Денис Евдокимов Baza басылымына әуеге көтерілген кезде, ұшаққа найзағай ұшқыны түскенін айтқан. Осыдан кейін ұшақ жартылай бұзылып, жерге қонуға мәжбүр болған. "Интерфакс" мәліметінше, ұшақ жерге қону кезінде үш рет жерге соғылған. Әлеуметтік желілерде ұшақтың өртеніп жатқанын көрген адамдар түсірген видео мен суреттер жарияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.