{metadescription}
Өскемендік полицей суға кете жаздаған әйелді құтқарып алды

Өскемендік полицей суға кете жаздаған әйелді құтқарып алды

Өскемен қаласының Полиция басқармасы Ертіс аудандық бөлімінің аға инспекторы Асқар Құлжынов Үлбі өзеніне батып кете жаздаған әйелді құтқарып алды.

Бүгін түнгі сағат 01:00-ге таяу болған оқиғаны Асқар Құлжынов айтып берді.

«Түнгі кезекшілікке түскен едім. Крылов өзеніне жақын жердегі Үлбі өзенінің тұсында белгісіз әйелдің суға секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Протозанов көшесімен келе жатып, көпірдің астымен көлікпен өте шығатын жол бар. Сол жаққа барсам, әлгі әйел көпірдің ортаңғы бағанында тұр екен. Батып кету қаупі барын түсіндіргенімізге көнгісі келмеді», - дейді Асқар Құлжынов.

Ақыры, тәртіп сақшысы көпірдің үстімен бағанға өрмелеп түсіп, әйелге жақындаған. Алайда оны көріп қалған әйел өзеннің терең бөлігіне секіріп кеткен.

«Ақыры, суға сүңгіп, бата жаздаған әйелді құтқарып алдым», - дейді Асқар Құлжынов.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы зерттелу үстінде. Өскемендіктің неліктен мұндай әрекетке барғанын құқық қорғаушылар анықтап жатыр.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде