Төлеутай Рахымбеков президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Орталық сайлау комиссиясы Төлеутай Рахымбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді.
10:38 06.05.2019
ОСК мүшесі Ақылбек Ихданов 26 сәуірде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігі Төлеутай Рахымбековті ҚР
президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты ОСК-ға оның келесідей тиісті құжаттарын ұсынғанын айтты.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Рахымбековті қолдап барлық 17 өңірден 122309 азаматтық қол жиналды, оның ішінде рас деп танылғаны – 120754. 2019 жылы 15 сәуірдегі №13/237 ОСК қаулысымен анықталған ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған рас қолдардың қажетті саны 118 140-тан кем болмауы тиіс», - деді.
Ол Төлеутай Рахымбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжат ОСК-ға ұсынылғанын және қойылған талаптарға толығымен сәйкес екенін атап өтті. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңының 59-бабы, 5-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылғаны туралы ҚР ОСК хаттамасы негізінде ОСК қаулысымен Рахымбековті 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, кандидатқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі. БАҚ-қа кандидат Рахымбековті тіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау белгіленді. Отырыс соңында ОСК төрағасы Берік Мәжитов өз қолымен кандидатқа тиісті куәлікті табыстады.
Еске салайық, 25 сәуірде Халықтық-демократиялық «Ауыл» саяси партиясының кезектен тыс сьезінде сайлауға кандидат ұсынды. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтынемтиханды ойдағыдай тапсырған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!