Мәскеуде жолаушылар ұшақтың өртенген сәтін видеоға түсіріп алған
Шереметьево әуежайында "Аэрофлот" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 41 адам ажал құшты.
11:00 06.05.2019
Тергеу комитеті Шереметьево әуежайында өртенген Sukhoi Superjet 100 ұшағының бортында болған 78 адамның 37-сі тірі қалғаны туралы мәлім етті. Алты адам ауруханаға жатқызылды, олардың үшеуі ауыр халде жатыр. Апатқа ұшыраған жолаушылар ұшақтың өртенген сәтін видеоға түсіріп алған. Аталмыш видеода жолаушылардың "Өртендік, өртеніп жатырмыз" деген жан ұшыра айғайлаған дауысы естіледі.
Тергеу комитеті болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Мурманск қаласында аза тұту күні жарияланды. Еске салайық, Мурманскіге бағыт алған SSJ-100 жолаушылар ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонған сәтте отқа оранды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!