Петропавлда пәтер өртенді
Петропавлда пәтерден өрт шығып, жеті адам құтқарылды.
11:37 06.05.2019
Осы кезде пәтердегі өрттің шығу себебі анықталды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, төртінші қабаттағы өрт баланың тентектігінен шыққан. 4 жасар бала сіріңкемен ойнаған. Өрт аумағы 10 шаршы метрді қамтиды. Шығындар анықталып жатыр. Бұған дейін 7 адамның құтқарылғаны жайлы хабарланған болатын.
«Құтқарушылар басшысы дереу жоғарғы қабаттарға газ түтінінен қорғау қызметін жіберіп, үй тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру жөнінде шешім қабылдаған. 7 жастағы қыз бен 4 жасар ұл бала жылжымалы автобаспалдақтың көмегімен құтқарылып, 4 қабаттың балконынан шығарылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тұрғын үйден барлығы 25 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары