{metadescription}
Жамбыл Ахметбеков екінші рет президенттік сайлауға түседі

Жамбыл Ахметбеков екінші рет президенттік сайлауға түседі

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ұсынылған Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді.

Комиссия мүшесі Бақыт Мельдешовтың айтуынша, осы уақытқа дейін кандидаттың барлық құжаттары тапсырылды. Лингвистикалық комиссия оның мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растады. Ал Орталық сайлау комиссиясы оны заңның барлық талаптарына сәйкес деп танып, кандидатқа қажетті қол қою парақтарын берген болатын.

«Президенттікке кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты қолдап Қазақстанның 16 өңірінен 138 294 азаматтың қолы жиналды. Соның ішінде 135 506 қол расталды. Ал Орталық сайлау комиссиясының қаулысы бойынша кандидатты қолдайтын қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 болуы шарт», - деді Б.Мельдешов.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде тіркелді.  


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде