Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде тіркелді
ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысының мүшесі, журналист Әміржан Қосановтың кандидаттық куәлігін тапсырды.
12:45 06.05.2019
Кандидатты тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының азаматтардың президенттікке кандидат Қосановты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды.
Комиссия мүшесі Ақылбек Иқдановтың айтуынша, бұған дейін Ә.Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растады. Ал Орталық сайлау комиссиясы оны заңның барлық талаптарына сай деп таныды. Кандидат Қосанов қажетті қолдардың санын да жинап шықты.
«Хаттамалардың нәтижелеріне сәйкес, Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов Қазақстанның 14 өңірінен оны Президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолын жинады. Олардың ішінен 129 582 расталды.», - деді А.Ихданов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram