Тәртіп бұзғаны үшін жүргізушіден кешірім сұраған полицей жұмысынан қуылды
Инспектор болған жағдайды видеоға түсіріп алған ер адамнан кешірім сұрайды.
18:28 06.05.2019
Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жол ережесін бұзып, жүргізушіден кешірім сұраған жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы қызметінен босатылды. Оқиға Қырғызстанның Ыстықкөл облысында болды. Жол полицейі өз әрекетін әшкерелеген жүргізушіден кешірім сұрап, видеоны өшіруін сұрады.
Ролик авторы рөлде телефонмен сөйлесіп, темекі тартып отырған милиционердің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін ескерткен. Көліктің соңынан қуып жетіп, оның тәртіп бұзғанын айтты. Ал инспектор «інісінен» бірнеше рет кешірім сұрап, видеожазбаны жарияламауды өтінген.
«Ассалаумағалейкум, ағасы, бағдаршмның қызыл түсіне өтіп кеттіңіз ғой. Көлікте телефонмен сөйлесіп, темекі шегіп бара жатырсыз. Басқалардың тәртіп бұзғанына протокол толтырасыздар. Өздеріңіз ше?», - деді жүргізуші.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!