Аттракционда адамдар 4 сағат бойы тоқтамастан айналды
Аттракционға мінген адамдар бірнеше сағат бойы айналуға мәжбүр болды.
20:41 06.05.2019
Аттракцион іске қосылғанда-ақ ақау пайда болған. Аргентинаның Сан-Хуан провинциясында ең қорқынышты аттракцион істемей қалып, адамдар 4 сағат қауіпте қалды. «Молот» атты аттракцион адамдар отырған соң бірнеше минуттан кейін істемей қалды.
Аттракцион ең жоғары нүктесіне келгенде 4 сағат істемей қалып, 36 адам 10 метр биіктікте тұрды. Кейбірі басымен төмен қараған күйі тұрып қалды. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері құтқару кезінде немесе орындығынан құлап кеткен жағдайда деп жерге матрас төсеген. Бірнеше сағат ішінде адамдар құтқарылды. Іс сотқа жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары