{metadescription}
Қазақстан президенттігіне барлық үміткерлер анықталды

Қазақстан президенттігіне барлық үміткерлер анықталды

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке ұсынылған барлық үміткерлерді анықтады.

Қазақстан президенттігіне ұсынылған 9 үміткердің жетеуі іріктеуден өтті. Күні кеше үміткерлердің төртеуі тіркелсе, қалған үшеуі бүгін арнайы куәлік алды.

Олар – «Ауыл» партиясынан ұсынылған Төлеутай Рахымбеков, «Ұлт Тағдыры» қоғамдық бірлестігінен Әміржан Қосанов және 135 мыңнан астам қол жинаған коммунист Жамбыл Ахметбеков. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтан кейінгі екінші нәтиже.

«Біз осы жерде жүзеге асырылып жатқан реформаларды толығымен және тұтастай қолдаймыз. Өйткені, бұл 2050 жылдың даму стратегиясы, «Рухани Жаңғыру». Президенттің осы бес бастамасы салыстырмалы және біздің коммунистік бағдарламамызбен сәйкес келеді»,- дейді Қазақстан президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков.

Осылайша, сайлау алдындағы үгітке жеті үміткер өтті. Олардың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев, Дания Еспаева,  Жамбыл Ахметбеков және Төлеутай Рахымбеков саяси партиялардың атынан болса, Садыбек Түгел, Амангелді Таспихов және Әміржан Қосанов – қоғамдық бірлестіктердің атынан ұсынылып отыр.

Ресми түрде үміткер атанған Қосанов ашық түрде пікір білдіріп, тіпті тіркеуден өткеніне таңғалғанын айтты. Өйткені, үкіметтің баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы бұл сайлауда оппозицияны таныстырады, және ол жеңіске жетіп жатса, барлық заңдарды қайта қарайтынына уәде берді. Айта кетсек, президенттікке үміткер куәлігін соңғы болып Қосанов алды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде