{metadescription}
Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған екі баланы тапты

Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған екі баланы тапты

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 5 мамыр күні болды.

Жаңаөзен қаласы полиция бөлімінің жедел басқару орталығына әйел хабарласып, өз үйінің ауласында ойнап жүрген ұлы мен қызының жоғалып кеткендігін жеткізген. Балаларды іздеуге барлық жеке құрам жұмылдырылып, Ұлттық ұлан сарбаздары барлық көше мен қала маңын сүзіп шықты. Құрамында лейтенант Ұлан Мақсатұлы, ефрейторлар Наурызбек Бөлеген мен Мақсат Тай бар топ 40 минуттан кейін «Өркен» дәмханасы маңында жылап отырған екі баланы жолықтырады.

Жауынгерлер оларды жұбатып, кейін ата-анасына тапсырды. Жоғалып, қайта табылған алты жасар Алтынбек Ұлттық ұлан сарбазы болғысы келетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат. Қырағылық көрсеткен әскери қызметкерлер 5548-әскери бөлім командирімен ынталандырылды.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде