{metadescription}
Шымкентте әскери қызметшілерге пәтер кілті табысталды

Шымкентте әскери қызметшілерге пәтер кілті табысталды

Отан қорғаушылар күніне орай баспаналы болғандар 19 адам - 6506 «Ұлттық ұлан» әскери бөлімінің қызметшілері.

Олар қаладағы «Тұран» шағынауданында тұрғызылған су жаңа тұрғын үйлерге қоныстанды. Жаңа пәтердің иесі - Гүлжан. Ол бұл қоныс тойды 5 жыл асыға күтті. 5 жылға жуық әскерде медбикелік қызмет атқарып, кәсіби мерекесіне орай баспаналы болды. 3-бөлмелі пәтерге қол жеткізген бойжеткен қуанышын жасыра алмады. Енді әріптестерімен тек қызметтес емес, көрші болмақ.

6506 әскери бөлімінің медициналық бөлім басшысы, аға лейтенант Гүлжан Қуатова

«Бүгін мен үшін қуанышты күн. Қанша жылғы арманыма қол жеткіздім. Баспаналы болдым. Бұл мен үшін түлкен қуаныш», - дейді 6506 әскери бөлімінің медициналық бөлім басшысы, аға лейтенант Гүлжан Қуатова.

Қарулы күштердің құрылу күніне орай Гүлжанмен бірге 19 әскери баспаналы болды. Олар пәтерге тұрғын үй төлемдерін алушылар кезегі арқылы қол жеткізген.

«Бұл жерде пайыздық мөлшерлемесі 8 пайызбен. Алғашқы жарнасы 15 пайыздан жоғары. Несие максималды 19 жылға берілді», - дейді 6506 әскери бөлімінің медициналық бөлім басшысы, аға лейтенант Гүлжан Қуатова.

Айта кету керек, әскери қызметкерлер бұл жеңілдетілген несиеге қалталары жұқармайды. Дәлірегі, мемлекет ай сайынғы жалақыларынан бөлек, үй ақысын да өтеп отырады екен. Облыс бойынша тұрғын үй кезегінде бүгінде 7 500 адам бар. Биыл дәл осы «Тұран» шағынауданында 500 адамға пәтер қарулы күштер қызметкерлеріне үлестіріледі деп жоспарлануда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде