ІІМ елімізде қауіпсіздік шараларын күшейтті
Қазақстанда 6-12 мамырда ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.
14:41 07.05.2019
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрліктің мәлімдеуінше, 6-12 мамырда көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция және арнайы жасақ көбейеді. ІІМ "полиция мерекелік шаралар болатын жерлер мен "Мәңгілік даңқ - Бессмертный полк" шеруі өтетін көшелерде қауіпсіздік шараларын күшейтетінін" хабарлады.
Министрлік қоғамдық тәртіпті бұзу, шаралардың өтуіне кедергі келтіру фактілері болса, полиция заңға сай жедел әрекет ететінін ескертті. Қазақстан 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні ретінде атап өтеді.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!