{metadescription}
Нәрестелеріне президенттің атын қойған отбасыға көлік табысталды

Нәрестелеріне президенттің атын қойған отбасыға көлік табысталды

Ферғана қаласында тұратын жұп Исломжон мен Дилоромхон Исраиловтар 1 мамырда дүниеге келген үшемге Шавкатжон, Зироатхон және Саидахон деген ат қойды.

Шавкатжон 1 кг 944 грамм, Зироатхон – 1 кг 972 грамм, ал Саидахон – 1 кг 888 грамм салмақпен туылған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үшемге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің, әйелі Зироатхон Мирзияеваның және үлкен қызы Саида Мирзияеваның құрметіне ат берілген. Отбасына мемлекет басшысының атынан Cobalt көлігі және үш бесік арба сыйға берілген.

Өзбекстанда балаларына мемлекет басшысының атын беру дәстүрі Ислам Каримов тұсынан бар. 2014 жылы Әндіжан облысында дүниеге келген үшемге Исломжон, Абдугани және Каримжон деген есімдер берілген. 2013 жылы Ташкентте дүниеге келген төртемге Хасан, Хусан, Ислам және Карим деген аттар қойылған.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде