ШҚО-да экономикалық алаяқтар 4 миллиард теңгені жымқырды
Өткен жылы Департаментте 346 қылмыстық іс қозғалған болса, қазіргі уақытта оның 256-ы аяқталды.
17:00 07.05.2019
Бұл туралы Экономикалық тергеу департаменті мәлімдеді.
– Мысалы, өткен жылы ұйымдасқан қылмыстық топты құрудың бес фактісі анықталды. Жалған шот-фактураларды шығару фактілері бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды, тағы 23 іс – салық төлеуден жалтару фактілері бойынша қозғалды, – деп мәлімдеді Ведомство.
Сонымен қатар ЭТД мамандары заңсыз ойын бизнесі фактілері бойынша тоғыз қылмыстық істі, алкоголь өнімінің заңсыз айналымы бойынша бес қылмыстық істі қараған екен. Сондай-ақ экономикалық полиция бюджет саласында және квазимемлекеттік секторда 98 құқық бұзушылықты анықтады. Белгіленген шығын сомасы 4,4 миллиард теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, Экономикалық тергеу департаментінің қызметі – экономикалық саладағы қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, анықтау.
Дереккөз: Алтайньюс
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!