ММА-мен айланысатын қыз ер адамды сабап тастады
ММА-мен айналысатын Джойс Виейра есімді қыз ер адамды сабап тастады.
10:01 08.05.2019
Оның сөзінше, ер адам өзінің алдында жыныстық қатынасқа түскендей кейіп танытып, ерсі әрекеттер жасаған. Оқиға спортшы қыз Бразилиядағы жағажайлардың бірінде серуендеп жүрген кезде орын алған, деп жазады stan.kz. Ол ер адамның ерсі әрекет жасап тұрғанын көріп, өзін ұстай алмай, оны ұрып тастапты.
Артынша полиция ер адамды тұтқындаған. Алайда одан жауап алғаннан кейін, босатыпты. Виейра мұндай жағдайға тек өзі емес, «өзге біреудің қызы немесе немересі» тап болуы мүмкін екенін айтты. Ол ер адамның жасаған әрекеттері психикаға зақым келтіруі мүмкін екенін атап өтті.
«Оның түрмеде жазасын өтегенін қалаймын», - дейді Виейра.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!