«Көліктерін жуып жатыр» Өскеменнің полицейлері елдің көзіне түсіп қалды
Өзеннің жағасында көлік жууға болмайтынын біле тұра Өскеменнің тәртіп сақшылары Ертістің жағасында елдің көзіне түсіп қалды.
13:14 08.05.2019
Елдің көзі деп отырғанымыз, Өскемендегі танымал блогер Руслан Тілепов. Тәртіп сақшыларының тәртібін қадағалап жүретін өскемендік жігіт бізге тағы бір видеосын жолдаған болатын. Видеодан Ертіс жағасындағы жаяу жолда бірнеше патрульдік полиция көлігі тұрғанын байқауға болады.
Қолдарына су құйылған құты ұстаған полицейлер видео авторына көлік жуып жатпағандарын айтып ақталуда. Ал асфальттың үстіне яғни автомобильдің айналасына төгілген суды нұсқаған Руслан Тілепов сақшылардың заң бұзып жатқанын алға тартады. Және олардың командирлері видео авторының «көліктеріңді неге жуасыңдар, заңға неге бағынбайсыңдар?» деген сұрағына:
«Біздің жұмысымызға кедергі келтірме, бұл заңға қайшы, видеоны таратсаң жауапқа тартыласың» деген сыңайда жауап бергендей болады», - деді командир.
Егер заң талаптарын ескеретін болсақ, рұқсат етілмеген жерлерде жеке және заңды тұлғаларға автокөліктерін жуу рұқсат етілмейтіні Заңда жазылған. Осы тектес заң бұзушылық орын алса, тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама бойынша тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Дереккөз: Altaynews
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!