{metadescription}
ҚР Бас прокуратурасы заңсыз митингіге шыққандар қатаң жазаланатынын ескертті

ҚР Бас прокуратурасы заңсыз митингіге шыққандар қатаң жазаланатынын ескертті

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде а.ж. 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде. Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын.

Алайда а.ж. 1 мамырда кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын түсіндіргенін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді.

Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз", - делінген хабарламада.

Артынша ол, құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады деп уәде берді

"Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады", - деді Дембаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде