Мереке күндері 38 градусқа дейін ыстық болады
9 мамырда ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады.
15:29 08.05.2019
Синоптиктер 2019 жылдың 9-13 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.
"Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарында күндіз ауа температурасы плюс 30-38 градусқа дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі", - делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз. Аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклонмен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!