{metadescription}
Қостанайда жылқы іздеуге шыққан малшы суға батып кетті

Қостанайда жылқы іздеуге шыққан малшы суға батып кетті

Облыстық ТЖД қызметкерлері 37 жастағы ер адамның мүрдесін судан алып шықты.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. 7 мамырда Амангелді ауданында өзеннен 37 жастағы ер адамның денесі табылды.

«Жаңатұрмыс ауылынан 3 шақырым жерде жатқан Қарасу өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген жерінен малшының денесі жағаға шығарылды. Ол 6 мамыр күні жылқыларын іздеуге шыққан. Сол күйі хабарсыз кеткен», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер. Кісі өлімінің себептері анықталып жатыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде