Шымкентте 3 жасар қыз бензин ішіп қойған
Шымкентте дәрігерлер бензин ішіп қойған қыз баланы аман алып қалды.
17:12 08.05.2019
Ведомствоның хабарлауынша, нәресте токсиндік сұйықтықты абайсызда ішіп қойған. Содан кейін оны ауыр халде жергілікті жедел жәрдем ауруханасына жеткізген. Мамандар сәбидің ішкі органдарының зақымданғанын анықтап, оны шұғыл түрде Шымкенттің Гипербариялық оттектеу орталығына ауыстыру туралы шешім қабылданады.
«Бүлдіршіннің ішкі ағзасын қатты күйік шалғандықтан, дәрігерлер оны дереу жансақтау бөліміне жатқызып, назогастральді зонтпен асқазанын шайды. Балақайды аман алып қалу үшін дәрігерлер барын салып, екі күн бойы реанимациялық емдеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде үш жасар қыз баланың жағдайы жақсарып, үшінші күні жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бір аптаға жуық уақыт ауруханада ем алып, жағдайы жақсарған бүлдіршін анасымен бірге үйіне шығарылды», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!